28 наурыз 2017 22:12

Таразда ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Oxu.az © Oxu.az

Тараз қаласында әйел жетекшілік еткен қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды КТК арнасы. Көршілер мен ағайын-туыстан құралған топтың 14 мүшесіне есірткі саудасымен айналысты деген айып тағылып отыр. Ал өзге сыбайластарына іздеу жарияланған.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдері осы қылмыстық топтың ізіне өткен жылдан бері түскен. Содан күні бүгінге дейін жүрген-тұрғанын аңдып, ақыры қолға түсірді. Ұсталған 14 адамның алтауы - әйел. Бәрінің үйлерін тінту кезінде, жалпы көлемі екі жарым келі героин шықты. Ал қылмыстық топты 51 жастағы сыған әйел басқарған. Бұған дейін істі болған ол Қырғызстаннан есірткіні өзі тасымалдап жүріпті. Апта сайын жүйелі түрде героин жеткізетін топ жетекшісінің Қордайдағы шекара бекетінен қалай өтіп келгені түсініксіз. Бір көшенің бойында тұрған көршілер, кейбірі бір-біріне туыс болып келетін күдіктілер қазір тергеу изоляторында жатыр.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети