11 тамыз 2017 | 12:53

Тараздағы қанды қырғын. ІІД жоғары лауазымды қызметкері әріптестерін пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облыстық ІІД ғимараты Жамбыл облыстық ІІД ғимараты

Таразда ІІД-нің ішімдікке сылқия тойған жоғары лауазымды қызметкері әріптестерін пышақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. Қазір ол іздеуде жүр.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда ІІД-нің ішімдікке сылқия тойған жоғары лауазымды қызметкері әріптестерін пышақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. Қазір ол іздеуде жүр.

Ведомство мәліметінше, оқиға 10 тамызда сағат түнгі екіде болған. 

"Биыл 10 тамызда түнгі уақытта спирттік ішімдік ішу кезінде полицияның бұрынғы қызметкері М.Ж.Жетпісбаев, Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов қақтығысып, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан Үмбетәлиев М.Жетпісбаевқа пышақ салған, Бектұрғановқа пышақпен жарақат салған", - деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Айтуынша, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 24-баптары бойынша ("Адам өлтіруге оқталу") соталды тергеу басталғаны белгілі болды. 

"Қазіргі уақытта М.И.Үмбетәлиевті ұстауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Ал Е.О.Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

ІІМ өкілі қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ, Жамбыл облыстық ІІД басшылығын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатқанын айта кетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети