Таразда мектеп дәретханасында 12 жастағы қызды зорлаған адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таразда мектеп дәретханасында 12 жастағы қызды зорлаған адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкім Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жарияланды. Сот 38 жастағы ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының, 4-бөлігі - "Кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері" және 120-бабының, 4-бөлігі - "Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлау" баптары бойынша кінәлі деп тапты. Сот сотталушыны 25 жылға бас бостандығынан айырды. Бұдан басқа, сотталған адам химиялық кастрация рәсімінен өтуге міндеттеді.
Сонымен қатар, сот жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады.
Еске салайық, 2019 қарашасында Тараздағы мектептердің бірінде оқушы қыз зорланған. 7-сынып оқушысы география пәні өтіп жатқан кезде даладағы әжетханаға шыққан. Сол жақта қаскөй оны зорлаған.
Бақылау камераларында қылмыскердің мектеп айналасында бір сағат жүргені көрінеді, бірақ оқу орнының қызметкерлерінің ешқайсысы күдікті адамға назар аудармаған. Мектеп директоры, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметінен босатылды.
Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 жастағы оқушы зардап шеккен жергілікті мектепте болған оқиғаға байланысты Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты жұмыстан босатуды тапсырған. Облыс әкіміне ескерту жарияланды. Қала әкімі қызметін 24 сәуірден бастап Қайрат Досаев атқарған.