Тараздағы саябақ маңындағы жантүршігерлік оқиға: полицейлер күдіктіні ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздағы саябақ маңындағы жантүршігерлік оқиға: полицейлер күдіктіні ұстады видео кадры

Таразда полиция адам өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда полиция адам өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 наурызда облыс орталығының Жайлау шағынауданында саябақ маңынан денесінде жарақат іздері бар мәйіт табылды.

"Бұл қылмысты ашу үшін жедел топ құрылып, күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау, сондай-ақ дәлелдемелік базаны бекіту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта ер адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр және полиция басшылығының ерекше бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Таразда саябақ маңынан өтіп бара жатқан адамдар денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесін тапқан болатын. Марқұмның басы жарылғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети