Тараздағы саябақта ер адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздағы саябақта ер адам өлі табылды видео кадры

Таразда қалалық саябақтың маңынан өтіп бара жатқан адамдар денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйітін тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда қалалық саябақтың маңынан өтіп бара жатқан адамдар денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйітін тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмысқа бара жатқан жүргіншілер ағаштың түбінде жатқан ер адамның денесін байқаған. Жақыннан қарағанда, оның басы қатты жарақаттанғаны анықталған. Редакцияға оқиға орнынан түсірілген видео келді, бірақ этикалық себептерге байланысты оны жарияламау туралы шешім қабылданды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның жеке басы анықталды.

"Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Кейін әлеуметтік желілерде өлтірілген адам құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметке түсініктеме берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети