05 қазан 2017 12:20

Тараздық әйел өзін ұрлады деп хабар беріп, күйеуінен 3 миллион теңге талап еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© minsk.questme.ru © minsk.questme.ru

Тараз қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ОҚО полицейлері "өзін-өзі ұрлап", күйеуінен ақша талап еткен әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 


Тараз қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ОҚО полицейлері "өзін-өзі ұрлап", күйеуінен ақша талап еткен әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 

Кентау қаласының полициясына 39 жастағы жергілікті тұрғын келіп, әйелінің ұрланғанын айтқан. Оның айтуынша, ұялы телефонына белгісіз біреулер бірнеше смс-хабарлама жіберген, онда "қаскөйлер" 3 миллион теңге талап еткен, ақшаны бермеген жағдайда әйелді өлтіреміз деп қорқытқан. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Бас бостандығынан заңсыз айыру" және "Қорқытып алу" баптары бойынша біріңғай реестрге тіркелді. Шара барысында полицейлер жедел тобы Тараз қаласының бір қонақ үйінен тапқан. Ары қарай кентаулық полицейлер әйел адамның ұрлықты өзі жасағанын анықтады", - деді басқарма өкілдері. 

Осыған орай, іс "Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту" бабына ауыстырылды. 

"Әйел адамның бұл қадамға қарыздарынан құтылу үшін барғаны анықталды. Ол қаржы пирамидасын құрып, өз таныстарынан ақша алып жаратып тастаған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін таныстары ақшасын қайтаруды талап еткен. Ақшаны қайтару үшін ол өзін ұрлап, күйеуінен ақша бопсалауды ойластырған", - деді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети