Тараздық тұрғынның көлігінен 18 келі марихуана анықталды

Тараздық тұрғынның көлігінен 18 келі марихуана табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараздық тұрғынның көлігінен 18 келі марихуана табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 30 тамызда полиция қызметкерлері Audi маркалы көлікті тоқтатқан. Жүргізушіден бөлек көлікте тағы үш жолаушы болған. Қасында үлкен сөмке тұрған жолаушылардың бірінің әрекеті полицейлердің назарын аударған. Тексеріс барысында сөмкеден есірткі заты табылған, ал сараптамадан кейін оның 18,7 келі марихуана екені анықталған.  

Жолаушы - Тараздың 51 жастағы тұрғыны. Ол есірткі заты барын мойындаған. Күдікті ұсталып, Тараздағы уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама