Тәртіп сақшылары қылмыскерлер мен деструктивті діни ағым өкілдеріне қару сатқан - ҰҚК

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен шұғылданған құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлері және олардың көмекшілеріне қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен шұғылданған құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлері және олардың көмекшілеріне қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тіркеуден шығарылған оқ-дәрі арқылы атылатын қару мен оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды деген жалған есеп арқылы кейін сатылымға шығарылып отырған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы мен Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кескен.

Тінту барысында 347 қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі тәркіленген. Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылған. Жедел тергеуді жалғастыру арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлеміне, діни ағымдарға қатысы бар және бұрынғы полицейлерден жасақталған қаруды сатып алушылардың толық базасын анықтаған.

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты шешімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды.

Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандары және жеке құрамды бақылауды әлсіреткендері үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшысы жұмыстан шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro