31 қаңтар 2022 | 11:37

"Тәртіпсіздіктер кезінде темір таратқан". Алматы мен облыстың 6 тұрғыны ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы мен облыстың алты тұрғыны жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталды. ІІМ мәліметінше, олар полицейлер мен әскери қызметкерлерге қарсы шығу үшін темір таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен облыстың алты тұрғыны жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталды. ІІМ мәліметінше, олар полицейлер мен әскери қызметкерлерге қарсы шығу үшін темір таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан Алматы мен Алматы облысының алты тұрғыны ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Олар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге қарсы қылмыс құралы ретінде темір таратты", - деді әкімшілік Полиция комитеті басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев брифингте.

Оның айтуынша, қарақшыларды ұстау әрекеті 19 қаңтарда басталған "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүзеге асырылған. Ол төтенше жағдай режимі алып тасталғаннан кейін, заң мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жүргізілген.

Реклама
Реклама

"Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Ол 5 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында Nur Otan партиясының әкімшілік ғимаратын өртеуге қатысты", - деді Айтпаев.

Оның айтуынша, іс-шараны өткізу барысында 4 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Оның ішінде 300-ден аса қылмыс қоғамдық орында және 80-і көшеде болған. Қылмыс Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында көп жасалған.

"2700-ден аса қылмыс ізін суытпай ашылды. Мысалы, 19 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері бұрын сотталған екі азаматты тез арада ұстады. Олар түнде медициналық бетперде тағып Qazaq Oil ЖМҚС-на кіріп, жанармай құюшы мен кассирді пышақпен, балғамен қорқытып, 100 мың теңгеден аса ақша және ұялы телефон алып кеткен.

21 қаңтарда ШҚО Үржар ауданы Бақты ауылы маңында жеке кәсіпкерді өлтірген адам ұсталды", - деді Бағланбек Айтпаев.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram