Тәтішевті өлтіру ісі: Мұратхан Тоқмәди Алматыдағы колониядан ауыстырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мұратхан Тоқмәди сот отырысында Мұратхан Тоқмәди сот отырысында

Сотталған қазақстандық кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми сауалхатқа берген жауабында келтірді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сотталған қазақстандық кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми сауалхатқа берген жауабында келтірді.

Ведомство мәліметінше, Тоқмәди адам өлтірген қылмысы үшін аралас қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бұл колония Қарағанды облысында орналасқан. Бизнесмен осы мекемеде Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес жаза өтеп жатқаны айтылады.

"Сотталғанның жеке ісіндегі өзге мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайды", - делінген ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаевтың қолы қойылған жауапта. Айта кетейік, Tengrinews.kz редакциясы сауалында сотталған Тоқмәди қамауда бос уақытта немен айналысатыны және жұмыс түрі туралы сұрақтар болды.

Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қамаудағылардың жазасын өтеуге арналған мекемелер жетіге бөлінеді:

  • қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер;
  • орташа қауіпсіздік мекемелері;
  • кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер;
  • ең жоғары қауіпсіздік мекемелері;
  • төтенше қауіпсіздік мекемелері;
  • толық қауіпсіздік мекемелері;
  • аралас қауіпсіздік мекемелері.

Аралас қауіпсіздік мекемелеріне әртүрлі режимдегі сотталғандарға арналған колониялар жатады. Мұндай мекемелерге қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не мекемелерден келген бас бостандығынан айыруға сотталғандарға арналған тергеу изоляторлары жатады.

Бұған дейін ҚАЖК-дағылар Тоқмәди Алматыдағы аралас қауіпсіздік мекемесінде жаза өтейтінін хабарлаған болатын. Қалған ақпарат құпия болған.

Еске сала кетейік, кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 2017 жылдың маусымында қамауға алынған. Сол жылдың қазан айында ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Тоқмәдиді бопсалау және қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмыстары бойынша кінәлі деп тапты. Ол сот төрелігімен келісім жасады.

Кейін КТК телеарнасына берген сұхбатында Тоқмәди Тәтішевтің өліміне кінәлі екенін мойындады. Ол "Тұран Әлем Банкінің" бұрынғы басшысын (кейіннен БТА Банкі) өлтіруге Мұхтар Әблязов тапсырыс бергенін мәлімдеді. 2018 жылы наурызда Тоқмәди он жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Банкир Ержан Тәтішев 2004 жылғы 19 желтоқсанда Отар станциясы ауданында аң аулап жүргенде қаза тапты. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген ол жыртқыш аңдарды аулаған. Оларды қуып жетіп, 12 калибрлі мылтықты жақын жерде отырған Мұратхан Тоқмәдиге берген. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, бұл кезде жол талғамайтын көлік кенеттен тесілген жолға түсіп, мылтық өздігінен атылған делінген. Оқ банкирдің басына тиген. Тәтішевтің шүйдесіне кірген оқ сол көзінен бірақ шыққан. Содан кейін бұл "қайғылы оқиға" деп аталған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro