"Тегін өзгерткен". Іздеуде жүрген қазақстандық Мәскеуде ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тегін өзгерткен". Іздеуде жүрген қазақстандық Мәскеуде ұсталды © elements.envato.com

Іздеу салынған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікті Мәскеуде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іздеу салынған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікті Мәскеуде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековті халықаралық іздестіру жұмыстарын жүргізген.

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды. Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін "Алтынбековтан" "Алшерге" өзгерткен. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети