Алматы облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен қашу үшін өзенге секірген шенеунікке айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен қашу үшін өзенге секірген шенеунікке айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2020 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Текелі қалалық сотының үкімімен Текелі әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Б.С. Норқұловқа 15 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы кесілді. Ол Жамбыл облысының территориясында "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жер телімін бөлу туралы оң шешім шығарып беру үшін 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген", - деді Сыбайлай жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Енді Текелі әкімі аппаратының экс-басшысы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқара алмайды.
Еске салайық, шенеунік осы жылдың шілде айында ұсталды. "Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысының әрекетін әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болды", - деген болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!