"Телефонға тыным жоқ". Алматы полициясы иттің еті сатылады деген хабарландыруға қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Әлеуметтік желіде Талғар қорығының қаңғыбас иттері мен аю етін сатамыз деген хабарландыру тарап жатыр. Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Талғар қорығының қаңғыбас иттері мен аю етін сатамыз деген хабарландыру тарап жатыр. Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-хабарландыру платформаларының бірінде иттің еті сатылатыны туралы жазба пайда болды. "Иттің етін сатамыз, жеңілдік жүріп жатыр, керек болса біздің ветеринар Гүлжанға хабарласыңыз", -  делінген жазбада.

Екінші жазбада да сол әйелдің нөмірі көрсетілген. Гүлжан бұл жолы Талғар қорығының аю етін сатамын деген.

"Аюдың барлық құжаттары бар. Еті жеуге жарамды", - делінген хабарламада.

Tengrinews.kz тілшісі хабарландыруда көрсетілген нөмірге хабарласты. Телефонға жауап берген ер адам бұл әріптесінің нөмірі екенін, өздері электронды жабдықтар дүкенінде жұмыс істейтіндерін айтты.

"Оның есімі Гүлжан емес, Гүлнар. Ол кісі зейнетке шыққан адам. Бізде еден жуушы болып жұмыс істейді. Оның нөмірін өтірік қойып қойған. Қазір ол бұл жағдайды түсінбегендіктен тек жылай береді. Себебі түрлі қорқытулар мен тоқтаусыз қоңыраулар келіп жатыр.  Сондықтан мен оның телефонын өзім алып, қоңырауларға жауап беріп жатырмын. Біз онымен бірге Алматы полициясына арыз жаздық", - деді ол.

Сондай-ақ, ол онлайн-жарнама платформасының техникалық қолдау қызметіне хабарласқанын, оның өтініші бойынша хабарлама жойылғанын айтты. Алайда көбісі скриншотқа түсіріп, әлеуметтік желіде әйелдің телефон нөмірін таратып үлгерді.

"Мен олардың ашу-ызасын түсінемін, бірақ неге біреуі болсын бейшара әжейдің телефон нөмірін таратпастан бұрын ақпараттың дұрыстығын тексермейді", - деп қосты ол.

Алматы полиция департаменті әйелдің арызын қабылдағанын айтты.

"Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа сәйкес, тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде хабарландыруда көрсетілген ұялы телефонның иесі анықталды. Әйел бұл хабарландыруға еш қатысы жоқ екенін, бұл ақпараттың жалған екенін айтты. Осы уақытта ол өзінің телефон нөмірін заңсыз пайдаланғандарға шара қолдану туралы полицияға ресми арыз берді. Құқықтық баға беріліп, ары қарай шаралар қолданылатын болады", - деді ресми өкіл Салтанат Әзірбек. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro