Теміртауда мектеп оқушысына шабуылдады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда мектеп оқушысына шабуылдады деген күдікті ұсталды

Теміртау полицейлері мектеп оқушысын зорлады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау полицейлері мектеп оқушысын зорлады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Күдіктінің жедел-іздестіру шараларының барысында ұсталғаны айтылады. Ер адамның 1978 жылғы екені де белгілі. Бұған дейін ол кісі өлтіргені үшін сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал мектеп оқушысына психологтар көмек көрсетіп жатыр екен.

Еске салайық, кеше Теміртауда педофил мектеп оқушысына шабуылдаған болатын. Оның ата-анасы полицияға арыз жазған. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровтың айтуынша, Теміртау қаласының тұрғынынан қызына қатысты жасалған заңсыз әрекеттерге байланысты арызы бойынша соталды тергеу басталды, тергеу шаралары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Желіде қалада зорлықшының жүргені жайлы мәлімет пайда болды. Мектеп оқушыларының ата-аналарына WhatsApp арқылы 2 желтоқсанда қаладағы түрғын үйлердің бірінде екінші сынып оқушысына шабуыл жасалғаны айтылған хабар тарай бастаған. Қыз қашып шығып, көмекке адам шақырып үлгерген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети