Теміртауда полиция бөлімшесіндегі жанжал видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда полиция бөлімшесіндегі жанжал видеоға түсірілді Видео кадры

Белгісіз ер адам Теміртаудағы полиция бөлімшесінде жанжал шығарды. Оқиғаның видеосы ОСА бірлестігінің YouTube хостингіндегі арнасында жария болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз ер адам Теміртаудағы полиция бөлімшесінде жанжал шығарды. Оқиғаның видеосы ОСА бірлестігінің YouTube хостингіндегі арнасында жария болды.

Бұзақы, болжам бойынша, құқық қорғау органдарында бұрын қызмет еткен адам. Ол мас адамға ұқсайды. Оның "Мен қызмет еттім, алты жыл... Менің куәлігім қайда... Тоғжанов менің фамилиям... Мен осында дүниеге келгенмін". Осыдан кейін ер адам тәртіп сақшыларының бірін қорқытып, кейін тағы біреуіне қарай ұмтылады. Полицейлер бұзақының қолын  қайырып, камераға әкетеді. Бұдан кейін не болғаны белгісіз.

Ескерту! Бейәдеп сөздер айтылады!

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров Tengrinews.kz тілшісіне полицияның осы видеоны зерттеп жатқанын хабарлады. Оқиғаның жай-жапсары кейінірек белгілі болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети