Теміртауда қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған Видеодан алынған кадр

Теміртауда ер адам көшеде қыздың сөмкесін тартып алмақшы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда ер адам көшеде қыздың сөмкесін тартып алмақшы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Теміртауда қызға шабуыл жасалған сәт түсіп қалған видео тарап жатыр. Кадрларда ер адам өз құрбанын ұрғылап, сөмкесін тартып алуға тырысады. Бірақ қыз оған қарамастан сөмкесін бермейді. Біраз уақыттан кейін ер адам діттеген мақсатына жете алмай кетіп қалады. 

Оқиға 23 қаңтарда Гагарин даңғылында болған. 

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі қыздың арыз жазғанын хабарлады. "Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады аймақ полицейлері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети