Теміртауда төрт әйелге АИТВ жұқтырған ер адам сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда төрт әйелге АИТВ жұқтырған ер адам сотталып жатыр

Теміртауда төрт әйелге АИТВ жұқтырған 28 жастағы ер адамға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Ол бұрындары сотталған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда төрт әйелге АИТВ жұқтырған 28 жастағы ер адамға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Ол бұрындары сотталған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Атышулы іс Теміртау қалалық сотында жабық түрде өтіп жатыр. 28 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабы 3-бөлігі ("Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру, екi немесе одан да көп адамға қатысты не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет") бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, ер адамға алаяқтық әрекеті үшін де айып тағылған. 

"Қылмыстық істі судья Ержан Тастанбеков қарап жатыр. Процес жабық түрде өтіп жатыр. Сотталушы бұирындары бірнеше рет сотталған. АИТВ жұқтырудан бөлек, ол алаяқтық әрекетінің бірнеше дерегі бойынша күдікке ілінген", - деді сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, Теміртау қаласының 28 жастағы тұрғыны төрт әйелге АИТВ жұқтырған. Ер адам өзінің осы ауру түрімен ауыратынын біле тұра, әйелдермен арнайы қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскен. Өз құрбандарымен ол әлеуметтік желі арқылы танысқан. Зардап шеккендердің барлығы 30 жаста. Зардап шеккендердің бірі 19 жастағы қызды ер адам зорлаған. Ол бірінші болып Қарағанды облыстық ЖИТС-ке қарсы және профилактика орталығына келіп, медициналық және психологиялық көмек сұраған. Орталық қызметкерлері осы дерек туралы полицияға хабарлаған. Осының арқасында полицейлер АИТВ жұқтырған ер адамды тауып, ұстаған. Қазіргі уақытта ол қамауда жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети