Теміртауда жоғалып кеткен 45 жастағы ер адамның денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда жоғалып кеткен 45 жастағы ер адамның денесі табылды

Теміртауда жоғалып кеткен 45 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда жоғалып кеткен 45 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, биыл 18 сәуірде Теміртау қаласының 40 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, 13 сәуірде 45 жастағы ағасының үйінен кетіп, із-түссіз жоғалып кеткендігі туралы арыз қалдырған.

"Жоғалып кеткен азаматты анықтау бойынша жедел-іздестіру тобы құрылып, іздестіру шаралары барысында Теміртау қаласындағы салынып жатқан үйлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар адамның мәйіті табылды. Аталған қылмысты ашу үшін ішкі істер департаменті басшылығымен облыстық Ішкі істер органдарының барлық криминалдық полиция күштері жұмылдырылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері сол күні жедел уәкілдер арқылы күдіктінің ізіне түсіп, Теміртау қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстаған. Ұсталған ер адам 14 сәуірде арада болған келіспеушілік салдарынан жәбірленушіні өлтіріп, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті тығып, оқиға орынынан ізін суытқан. Оқиға орынынан айғақ заттар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети