Теміртау тұрғыны жоқ күшіктерді 6 миллион теңгеге сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау тұрғыны жоқ күшіктерді 6 миллион теңгеге сатқан Фото: elements.envato.com

Теміртауда 20 жастағы қыз әлеуметтік желілер арқылы жоқ күшіктерді сатқан. Осылайша ол сатып алушыларды алты миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда 20 жастағы қыз әлеуметтік желілер арқылы жоқ күшіктерді сатқан. Осылайша ол сатып алушыларды алты миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 сәуірде әйел күшік сатып алу үшін белгісіз қыздың картасына 35 мың теңге аударғанын айтып, полицияға хабарласқан. Ақшаны алғаннан кейін "сатушы" хабарсыз кеткен.

"Криминалдық полиция қызметкерлері 20 жастағы қызды ұстады. Оның мамандандырылған сайтта күшік сататыны туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ол асыл тұқымды күшіктің суретін жариялап, арзан бағада сататынын көрсеткен. Сол арқылы Желі қолданушыларының қызығушылығын тударған. Сатып алушыны соңғы күшік қалғанына да сендіре білген", - деді полицей.

Тиімді ұсынысты жіберіп алмау үшін адамдар "жалған сатушыға" мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Бірақ кейін сатушы хабарсыз кеткен.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, күдікті осы әдіспен 71 адамды алдаған. Жоқ күшіктер үшін жәбірленушілер оған алты миллион теңге аударғаны анықталды.

Күдіктіге қатысты 190-баптың 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети