24 наурыз 2015 | 18:43

Теміртау тұрғыны қызғаныштан өз қызы мен оның досын пышақтап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Теміртау тұрғыны қызғаныштан өз қызы мен досын өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Теміртау тұрғыны қызғаныштан өз қызы мен досын өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап. 

33 жастағы келіншек пен 28 жастағы ер адамның пышақталған денесі Димитров көшесінің бойындағы пәтерден табылды.  

"Полицейлер 24 жастағы жұмыссыз жігітті жедел ұстады, ол өлтірілген әйелдің сүйіктісі болған. Ол өз қызымен және оның досымен кеш ұйымдастырғанын мойындады. Тойлау кезінде ол өз қызын қонақтан қызғанған. Олардың арасында ұрыс-керіс шығып, ол өз қызы мен қонақ жігітті пышақтады", - деді прокуратура өкілдері. 

Осыған дейін тонау және алаяқтық дерегі бойынша күдікті болған теміртаулық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети