Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Теміртау тұрғыны полицей мен өзін пышақтады

16 Желтоқсан 2014, 14:01
0
©vg-news.ru
©vg-news.ru

Теміртауда тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған ер адам бір полицейді жарақаттап, өзін де пышақтап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Полицейлер жедел-профилактикалық шаралар кезінде күдіктінің бірнеше қылмыс жасағанын анықтады. Оны полицейлер полицияның Шығыс бөлімінің ғимаратына апара жатқан кезде, ол полицейлерден босап, қылмыстық істі тексеру полиция бөлімінің жедел уәкілінің оң қолының білегін пышақтады", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың өкілдері.

31 жастағы жұмыссыз күдікті Теміртаудағы жетінші шағын ауданындағы үйлердің арасында қашып кеткісі келді, бірақ полицейлер оны қуып жетті. Күдікті қолы жараланған полицей Макаров тапаншасымен аспанға үш рет оқ атқанда тоқтайды. Содан кейін ол полицейлердің көзінше өз мойнын, қолын пышақтайды.

Полицейлер оған тез арада жетіп, ұстап алады. Күдікті мен полицейге медициналық көрсетілді. Олар ауруханаға жатудан бас тартты. Басқарма өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта теміртаулыққа қатысты билік өкіліне күш көрсету бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай