Теміртауда 2 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда 2 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды

Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы ер адам ұсталған. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікке ілінген адам анықталған болатын.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған. Күдікті кім екені анықталған. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды. Күдіктіге іздеу жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети