23 қаңтар 2015 | 19:12

Теміртауда алғашқы әскери дайындық кабинетінен қару-жарақ ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©guns.allzip.org ©guns.allzip.org

Кеше, 22 қаңтарда белгісіз біреулер Теміртау қаласындағы өндірістік-технологиялық колледжінде оқ-дәрі салынған сейфті ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі колледж әкімшілігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 22 қаңтарда белгісіз біреулер Теміртау қаласындағы өндірістік-технологиялық колледжінде оқ-дәрі салынған сейфті ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі колледж әкімшілігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, темір сейфте пневматикалық үш винтовка болған. "Ұрылардың есікті сындырмай, кілтпен ашқаны күмән келтіреді. Мұнда ішкі істер басқармасының криминалистері болды, олар қарап шыққаннан кейін қылмыскерлердің кілті болғанын айтты. Біздің жұмысшылардың сейфтегі винтовкалардың ұрлануына қатысы жоқ деген үміттеміз", - деді колледж өкілдері. 

Колледж ғимаратына күдіктілер бірінші қабаттың терезесін сындырып кірген. Бұдан кейін олар алғашқы әскери дайындық бөлмесі орналасқан екінші қабатқа көтерілген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұрыларды іздестіріп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Батыс Қазақстан облысында болған еді. Өткен жылы 19 қарашада мектептің алғашқы әскери дайындық кабинетінен пневматикалық бес винтовка ұрланды. Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі алғашқы әскери дайындық кабинетінен винтовкалардың ұрланғанын растап, бірақ басқа түсініктеме беруден бас тартты. Ұрланған қару әлі табылмаған. Бұл оқиға жөнінде аудан әкімдігінің мамандары түсінік берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети