29 сәуір 2022 08:44

Теміртауда балаларды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда ер адам бірнеше рет сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, шкафтардағы балалардың жеке заттарын ұрлаған, - деп хабарлайды Рolisia.kz.


Теміртауда ер адам бірнеше рет сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, шкафтардағы балалардың жеке заттарын ұрлаған, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

Полицияға 14 жастағы егіз ұлдардың анасы хабарласқан. Әйел белгісіз біреу балалары баратын сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінен олардың заттары мен спорттық құрал-жабдықтарын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңге.

"Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. Соталды тергеу барысында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы барын анықтады. Олардың барлығы осы сауықтыру орталығында жасалған. Сондай-ақ, ол 6 сәуірде бірінші сынып оқушысының 129 000 теңгелік ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ол кезде қыз бассейнде жаттығып жүрген", - деді полиция.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети