09 мамыр 2021 15:32

Теміртауда баласы үшін атыс шығарған әкенің видеосы жарияланды

Теміртауда жанжалдасып қалған баласы үшін атыс шығарған әкенің видеосы пайда болды. Мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда жанжалдасып қалған баласы үшін атыс шығарған әкенің видеосы пайда болды. Мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 мамырда жедел-іздестіру шарасы барысында Теміртау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. "Armsan" маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Теміртауда балалар арасындағы жанжал атыспен аяқталғаны хабарланған болатын.  8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-ші шағын аудан аулаларының бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туып, оларды ажырату үшін әкелері шыққан. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласының бетінен ұрған. Кейін соққы жеген ер адам үйінен мылтық алып шығып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткен.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram