1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Теміртауда балалар арасындағы жанжал атыспен аяқталды 09 мамыр 2021, 09:28

Сенбі, 8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-ші шағын ауданын аулаларының бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туған. Оларды ажырату
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Теміртау шағын ауданындағы үйлер. © 2gis.kz Теміртау шағын ауданындағы үйлер. © 2gis.kz

Сенбі, 8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-ші шағын ауданын аулаларының бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туған. Оларды ажырату үшін әкелері шыққан, - деп хабарлайды eKaraganda.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласының бетінен ұрған. Кейін соққы жеген ер адам үйінен мылтық алып шығып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткен.

Атыс салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жанжалға қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

"Жасырынған ер адамды ұстау үшін облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы бағытталған. Тергеу жүріп жатыр", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram