Өтінімдердің жартысына жуығы қабылданбайды: АҚШ визасын алу неге қиындады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өтінімдердің жартысына жуығы қабылданбайды: АҚШ визасын алу неге қиындады? Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтарға Америка визасын беруден жиі бас тарту себебі неде? Мұндай сауал Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевқа қойылды, деп хабарлайды Tengri Travel.


Қазақстандықтарға Америка визасын беруден жиі бас тарту себебі неде? Мұндай сауал Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевқа қойылды, деп хабарлайды Tengri Travel.

"Жақында Сыртқы істер министрінің орынбасары қазақстандықтардың АҚШ визасын алу өтініштерінің 50 пайызында бас тартылатынын хабарлаған болатын. Мұндай жиі бас тарту себебі неде?" – деген сауал қойылды СІМ-де өткен брифингте.

Жетібаев қазақстандықтарға Америка визасын беруден шынымен де жиі бас тартылатынын, бұл көрсеткіш 45 пайызды құрайтынын жеткізді.

"Бұл, ең алдымен, құжаттардың сәйкестігіне байланысты. Белгілі бір тізім бар. Егер бәрі сәйкес келсе, азамат тарапынан қандай да бір заңбұзушылық болмаса немесе барлық құжаты дұрыс болса, онда мемлекет виза беру туралы шешім қабылдайды. Егер құжаттарда шикілік болса, әдетте азаматқа нақтылаушы сұрақтар қойылып, қосымша құжаттар талап етіледі. Маған мәлім болғандай, олар ұсынылған жағдайда, көп жағдайда виза мақұлданады. Бұл негізінен құжаттарға қатысты техникалық мәселелер", - деді министрлік өкілі.

Ол кей елдерде құжаттар тізімі көп, ал кейбірінде аз екенін атап өтті. Бұл ретте тізім аз болса да, сауалнама толтыру, сақтандыруды рәсімдеу немесе билеттерді ұсыну кезінде талаптарға сәйкес келмейтін жағдайлар туындайды.

Бұған дейін Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Еуропаға баратын қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын.

TengriTravel
;