Теміртауда букмекерлік кеңсенің 21 жастағы қызметкерін өлтіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда букмекерлік кеңсенің 21 жастағы қызметкерін өлтіріп кеткен Кристина Насрулаева. Фото nv.kz

Теміртауда букмекерлік кеңсенің 21 жастағы қызметкері Кристина Насрулаеваның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новый Вестник" басылымына сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда букмекерлік кеңсенің 21 жастағы қызметкері Кристина Насрулаеваның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новый Вестник" басылымына сілтеме жасай отырып. 

Жас қыз 2014 жылдың 10 мамыр күні жоғалып кеткен, 13 мамыр күні оның мәйіті Самарқант су қоймасынан табылды.

Бейсенбі күні жергілікті тұрғын Артем Прохорец қызды өлтіргенін мойындады. Қыз жоғалып кеткен күні осы жас жігітті букмекерлік кеңседен көрген куәлар бар. Сол күні жігіт букмекерлік кеңсеге 200 мыңнан астам қаржы берешек болып қалған. Ол өзімен бірге осынша ақша болмағандықтан Кристинаға үйге бірге барып, ақшаны сол жерде беремін деп таксимен алып барған. 

"Олар таксиге отырған, таксист оларды Жаңауыл ауданына алып барады", – дейді Кристинаның дос қызы Виктория Сиверская. Оның айтуынша, осыдан кейін Кристинандан хабар болмады. "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде қыздың жоғалғаны туралы жазбалар пайда болды, оны туыстары іздей бастаған. 

Екі күн өткеннен кейін қыздың мәйіті табылды, ал Артем қызды өлтіргенін полицияға өзі келіп мойындаған. Ол Кристианың басынан ауыр затпен ұрғанын айтты. "Мен оны өлтірейін деген жоқпын, тек қашып кетпек болдым" деді ол. Бірінші рет ұрғанда Кристина есінен танбаған, ол екінші рет тағы ұрған. Сол кезде ол өзінің қызды өлтіріп алғанын түсінген соң мәйітті жақын маңдағы каналға лақтырып тастайды. 

Викторияның сөзіне қарағанда қазіргі кезде адам өлтіруге қатысты күдікті деп танылған Артем үйінде көрінеді. Оны кепілдік арқылы босатқан. "Оның әкесі Теміртаудағы өндірістік базалардың бірінде директор" дейді ол.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети