16 мамыр 2014 | 14:29

Теміртауда букмекерлік кеңсенің қызметкерін өлтірген күдікті тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Теміртауда букмекерлік кеңсенің қызметкерін өлтірген күдікті тұтқындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда букмекерлік кеңсенің қызметкерін өлтірген күдікті тұтқындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала прокуроры Думан Қаржаспаевтың айтуынша, қыздың өлі денесі 13 мамыр күні табылған. Дәл сол күні күдікті Артем Прохорец ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 мамыр күні оған айып тағылды. Келесі күні прокуратура күдіктіні қамауға алу туралы тергеушінің қолдаухатын қуаттады. Думан Қаржаспаев сонымен бірге қызды жерлеу рәсімі бүгін, 16 мамыр күні өтетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, 21 жастағы Кристина Насрулаеваның мәйіті Самарқант су қоймасынан табылған болатын. Жергілікті тұрғын Артем Прохорец қызды өлтіргенін мойындады, сол күні оны куәгерлер букмекерлік кеңседен көрген. Анықталғандай, сол күні жігіт букмекерлік кеңсеге 200 мыңнан астам қаржы берешек болып қалған. Ол өзімен бірге осынша ақша болмағандықтан, Кристинаға үйге бірге барып, ақшаны сол жерде беремін деп таксимен алып барған. Осыдан кейін қызды ешкім көрмеген. 

Прохорецтің айтуынша, қызды ол өлтіргісі келмеген. Ол Насруллаеваны талдырып тастау үшін басынан ауыр затпен қойып қалған, бірақ бірінші рет ұрғанда Кристина есінен танбаған, сосын ол екінші рет тағы ұрған. Сол кезде ол өзінің қызды өлтіріп алғанын түсінген соң мәйітті жақын маңдағы каналға лақтырып тастаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети