22 қыркүйек 2021 09:27

Теміртауда ер адам танысының атынан 25 несие алған

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

26 жастағы қарағандылық теміртаулық тұрғынның сеніміне кіріп, оның атына банк пен микроқаржылық ұйымдардан 25 несие алған. Полиция алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


26 жастағы қарағандылық теміртаулық тұрғынның сеніміне кіріп, оның атына банк пен микроқаржылық ұйымдардан 25 несие алған. Полиция алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, бөлімшеге Теміртаудың 22 жастағы тұрғыны келіп өтініш жазған. Қала тұрғынының айтуынша, танысқан ер адамы оның сеніміне кіріп, оның жеке мәліметтерін біліп алған. Артынша ер адам оның мәліметтерін несие рәсімдеу үшін қолданған.    

"Алаяқ жеті банкте 3,5 миллион теңгеге және микроқаржылық ұйымдарда 731 мың теңгеге 18 несие рәсімдеп алған. Жалпы 4,2 миллион теңге залал келтірген. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция өкілдері. 

Ведомство мәліметінше, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағандының 26 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол жасаған ісін мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети