24 маусым 2020 | 09:21

Теміртауда ер адамның соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Теміртауда дүкендердің бірінің бейнебақылау камерасына белгісіз біреулердің ер адамды ұрып-соққан сәті түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда дүкендердің бірінің бейнебақылау камерасына белгісіз біреулердің ер адамды ұрып-соққан сәті түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 маусым күні Теміртаудағы кафелердің бірінде екі топ ер адамның арасында төбелес болған. Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа кафеде болған қыз себеп болған. Зардап шеккен ер адамдардың бірі оны келушілерден қорғауға тырысқпан, салдарынан көптеген жарақат алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау сегодня | Казахстан (@temirtau.today)

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімтеінше, екі ер адам зардап шеккен. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Күдіктілерді ұстады. Төбелестің нақты себебін тергеуші анықтайды.

"22 маусымда сағат 18.00-де Теміртау қаласының полиция басқармасына Бейбітшілік даңғылы ауданында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері дүкендердің бірінің жанында 34 жастағы және 35 жастағы ер адамның түрлі ауыр дене жарақатын алғанын көрген. Жәбірленушілер жедел жәрдем бригадасымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Күдіктілер ұсталды. Бұл жағдай ҚК 293-бабының 2-бөлімі бойынша жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети