Теміртауда жаппай төбелес кезінде оқ атылған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Теміртауда 9 тамызға қараған жаппай төбелес болды. Төбелес кезінде қарумен оқ атылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда 9 тамызға қараған жаппай төбелес болды. Төбелес кезінде қарумен оқ атылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға салдарынан 27 жастағы ер адам медициналық мекемеге жатқызылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZelloVoditeli (@zellovoditel)

Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін ол жазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан бір топ адамның көлікке шабуыл жасап жатқанын көруге болады. Ал, жүргізуші оларды көлікпен соғуға тырысады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 9 тамызға қараған түні Теміртаудағы 4-ықшамауданда болған.

Видео Желіде пайда болғаннан кейін оған қатысты Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов пікір білдірді. Ол бұзақылық ниетте оқ атқан видео кейіпкері ұсталғанын айтты.

"9 тамызға қараған түні полиция бөліміне хабарлама түсті: 27 жастағы қала тұрғыны түрлі дене жарақаттарымен Орталық қалалық ауруханаға жатқызылған", - деді полковник Құрманғали Ысмағұлов.

Күдікті мен төбелеске қатысушыларды іздеуге Теміртау полиция басқармасының барлық жеке құрамы жұмылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қақтығыстың кейбір қатысушыларын анықтады.

"20-37 жас аралығындағы төрт күдікті ер адам ұсталды. Полицейлер қақтығысты 30 жастағы ер адам бастағанын анықтады. Ол үйдің ауласында жәбірленушімен жанжал кезінде оған травматикалық қарудан оқ атқанын мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Құрманғали Ысмағұлов.

Қылмыстық істі тергеу ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша басталды. Қазіргі уақытта төбелеске қатысушыларды ұстау бойынша жедел шара және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro