28 маусым 2017 | 13:10

Теміртауда оқушыны жаппай зорлап, жыныстық ауру жұқтырғандар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Теміртауда оқушы қызды зорлап, оған жыныстық ауруларды жұқтырған үш адам сотталып, тағы екеуі іздеуге жарияланды. Полиция оларды да қолға түсіріп, бұл күдіктілерге қатысты іс бөлек қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Теміртау қалалық сотына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда оқушы қызды зорлап, оған жыныстық ауруларды жұқтырған үш адам сотталып, тағы екеуі іздеуге жарияланды. Полиция оларды да қолға түсіріп, бұл күдіктілерге қатысты іс бөлек қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Теміртау қалалық сотына сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, 17 жастағы оқушы қыз әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқан. Кейін екеуі телефон арқылы сөйлесіп жүріп, жігіт оны кездесуге шақырған. Осындай кездесулердің бірінде жігіт қызды қонаққа шақырады, пәтерде тағы да төрт адам болған. Оларды қызды зорлап, ешкімге тіс жарма деп қорқытқан. Кейін қыздың "трихомониаз" және урогенитальды кандидоз жұқтырғаны анықталады. Оның үстіне дәрігерлер қыздың денесінде қанталаған жер көп екенін көреді. Осындан кейін қыз полицияға арыз жазған. 

"Сот отырысы кезінде екі сотталушы және прокурор арасында процессуалдық келісім жасалды. Келісім бойынша олар кінәләрін толық мойындап, келтірген материалды және моральды шығынды өтеді. Зардап шегуші мен оның өкілі келісімге қарсы болмады. Бұл екі сотталушыға шартты түрде бес жылға кесілді және оларға пробациялық бақылау жүреді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Ауруды жұқтырған шартты түрде сотталғандардың бірі екені анықталды. Үшінші адам кінәсін мойындамады. "Ол ешқандай шығынды өтеген жоқ және ұмтылыс та жасмады. Сот шешімі бойынша ол алты жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Қыздың жасын білмегендіктен үш сотталушыға жеңілдік берілді", - дейді сот өкілдері. 

Тағы екі күдікті біраз уақыт қашып жүрген. Қазір олар қолға түсті оларға қатысты қылмыстық іс бөлек қаралады. Іс әзірге сотқа берілген жоқ. Олар қыздың жасын білген, сондықтан оларға кесілетін жаза да ауыр болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети