28 наурыз 2022 | 10:39

"Тергеу бір жылға созылды" - Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның анасы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтбаеваның анасы Айсұлу Айтбаева қазақстандық тергеушілерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтбаеваның анасы Айсұлу Айтбаева қазақстандық тергеушілерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, қызының қайтыс болғанына жақында тура бір жыл өтеді. Дегенмен, полицейлер өлімге қатысты соталды тергеу амалдарын әлі жүргізіп жатыр.

"Грузиялық тергеушіге телефон соққанымда, ол өз жұмысын орындағанын айтты, ендігі шешімді Қазақстан полициясы шығарады. Бірақ бұл жерде, Қазақстанда тергеу әлі аяқталмаған, материалдар әлі сотқа берілген жоқ. Ал мамырда қызым Әселдің қайтыс болғанына бір жыл болады. Олар тергеуді әлі созып жүр. Кісі өлтірді деген күдікті Мұрат Мейірбековке қатысты сараптама дайын емес. Оның өзі Қазақстанда, мен қандай сараптамалар жүргізіліп жатқанын білмеймін, іспен таныс емеспін", - деді Айсұлу Айтбаева.

Ол Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігіне арызданғанын айтты. Дегенмен, осы уақытқа дейін әйел ешқандай нақты ақпарат алмаған.

"Бас прокуратурада Грузиядан келетін барлық құжатты күтіп отырғанын айтты. Бір жарым жылдан соң, олар дәлел мен айғақ жоқ деп, Мейірбековті босатып жібере ме деп қорқамын. Тергеуші адам саудасы туралы істі тергеп жатқанын айтады. Бірақ мұның не қажеті бар, егер бала қайтыс болғаны факт болса. Мен балам үшін көбірек алаңдаймын, ал олар нені дәлелдегелі жатқаны екінші мәселе.

Сондықтан осындай жағдайда мен Қазақстан Президентіне хат жаздым. Соңына дейін барамын, қажет болса БҰҰ-ға жүгінемін. Қызым Әсел кінәлінің жазасын алғанын қалайды. Мен бұл мәселеге нүкте қойылғанын қалаймын. Мұны мен ғана емес, Мейірбеков те күтіп отыр, соны білемін. Оның ата-анасы да алаңдаулы. Сондықтан соттың ашық өтуін талап етемін. Бірақ, неге екені белгісіз, мұны ешкім қаламайды. Дегенмен, мен әділдікті қалаймын", - деп түйіндеді ол.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Мұрат Мейірбековке қатысты соталды тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 128 және 120-баптары бойынша "Адам саудасы" және "Зорлау" бойынша сарапталған.

"Қылмыстық істі Нұр-Сұлтан қалалық ПД тергеп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр, оның мерзімі қылмыстық-процессуалдық заңнама нормаларына сәйкес ұзартылды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа да деректер жария етуге жатпайды. Олар прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін", - деді ІІМ өкілдері.

Қазақстандық Әсел Айтбаева былтыр 5 мамырда Грузияда тұрғын үй ауласынан өлі табылған болатын. Тергеушілер анықтағандай, ол өлім алдында зорланған. Өлер алдында Әсем құрбысына бір сағаттық аудиожазбасын жіберген. Грузияның Бас прокуратурасы Әселдің алыс туысы Мұрат Мейірбековке сырттай айып таққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети