Терісі тірідей сыпырылған иттің суретін жариялаған адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Терісі тірідей сыпырылған иттің суретін жариялаған адам табылды Видео кадры

Терісі тірідей сыпырылған иттің суретін жариялаған тараздық Ұзақбай Бақтыбай фотоның қайдан алғанын және өз итінің тірі екенін сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дәлел ретінде ол 23 маусымда түсірілді деп бір видео жолдап отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Терісі тірідей сыпырылған иттің суретін жариялаған тараздық Ұзақбай Бақтыбай фотоның қайдан алғанын және өз итінің тірі екенін сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дәлел ретінде ол 23 маусымда түсірілді деп бір видео жолдап отыр.

Оның айтуынша, жантүршігерлік сурет оған WhatsApp мессенджерінде келген, сөйтіп ол суретті Вконтакте желісіне салыпты. "Бұл менің итім емес, бұл тіпті ит те емес. Менің Малыш деген итім тірі, қазір үйімде. Мені қорлап жатқандардың барлығына бүгінгі мерзім көрсетілген видеоны түсірдім, - дейді 24 жастағы Бақтыбай. - ақ ит жайлы айтып отырмын, ол үйімде, Оның Малыш деген аты бар. Ал екінші қоңыр питбуль де тірі, мен оны бір апта бұрын Алматыда 500 долларға сатып жібергенмін, сатып алушының байланыс номерін де бере аламын. Менің итім көп, барлығының жағдайы жақсы", - деді ол.

Жігіт Желіде өзіне қатысты айтылып жатқан жағымсыз пікірлерге наразы. Суреттің қайда, қандай жағдайда түсірілгенін ол білмейді екен. Бақтыбайдың айтуынша, сурет авторының кім екенін білмейді.


© vk.com

Еске салайық, Желіде жантүршігерлік сурет пайда болған еді. Суретте терісі сыпырылған ит бейнеленген. Жануарларды қорғау қорының қызметкерлері жауыздардың итті 15 минут бойы қорлап өлтіргенін айтып отыр.

Ал полициядағылар болса суреттің авторын тергеушілердің анықтап жатқанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети