"Тіліп тастады". Алматылық қыз такси жүргізушісінің шабуылдағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тіліп тастады". Алматылық қыз такси жүргізушісінің шабуылдағанын айтты Жазбадан алынған скрин

Алматылық қыз өзіне такси жүргізушісінің шабуылдағанын мәлімдеді. Такси қызметіндегілер осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық қыз өзіне такси жүргізушісінің шабуылдағанын мәлімдеді. Такси қызметіндегілер осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Facebook желісінде жарияланды. Құралай есімді алматылықтың айтуынша, такси жүргізушісі оны баратын мекенжайына дейін жеткізбей, оған шабуыл жасап, тіліп тастаған.

"Бұл адамның қаншалықты қауіпті екенін айтқым келеді. Ол өз кінәсін мойындап отырған жоқ. Оны әлі ұстаған да жоқ. Мен оған бірден қолма-қол ақша төледім. Бірақ ол менің баруым керек мекенжайға жеткізіп салмады. Оған қоса, маған қол көтеріп, шабуылдады. (...) Оған неге осы уақытқа дейін іздеу жарияламаған? Ол қоғамға қауіпті. Үш апта бойы күттім, бірақ шыдамым таусылды", - деп жазды Құралай.

Оның айтуынша, бұл оқиға осыдан үш апта бұрын болған, бірақ жүргізуші әлі ұсталмады.

Такси қызметіндегілер осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Такси қызметі қолданушымен әрдайым байланыста. Жүргізуші бұл сервисте бұғаттаулы. Жүйедегі мәліметке қарағанда, ол қызды қосымшада көрсетілген мекенжайға дейін апарып тастады. Көлікте ешқандай қару болмаған. Бұл оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының өкілдері анықтауы қажет", - делінген такси қызметінің хабарламасында.

Ал қалалық полиция өкілдері бұл оқиғаға қатысты кейінірек мәлімет беруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети