ТМД елдері іздеу жариялаған қылмыскерлер Алматы облысында ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМД елдері іздеу жариялаған қылмыскерлер Алматы облысында ұсталды © Тұрар Қазанғапов

ТМД елдері іздеу жариялаған қылмыскерлер Алматы облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМД елдері іздеу жариялаған қылмыскерлер Алматы облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, олар екі күн ішінде отызға жуық қылмыс жасағандарды ұстаған. Оның 8-і - Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Башқұрт елдері халықаралық іздеу жариялаған қылмыскерлер.

"Облысымызда "Іздестіру" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында полицейлер қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған 28 адамды ұстады. Із-түзсіз жоғалған сегіз адамның мекенжайы анықталып, бұған дейін жасалған 19 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, осы кезге дейін тұлғасы анықталмаған 3 мәйіттің жеке мәліметтері анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, көрші мемлекеттерде қылмыстық әрекет жасады деген күдікпен іздеу жарияланған 8 адам ұсталды.

"Қарасай ауданында Өзбекстан Республикасы мемлекетаралық іздеу жариялаған төрт адам ұсталды. Талғар және Іле аудандарында Ресейлік әріптестер іздеп жатқан екі адам ұсталды. Талғарда Башқұрт елі іздеу жариялаған бір адамның мекенжайы анықталса, Текеліде Әзірбайжан мемлекетінде қылмыс жасап, жасырынған 33 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды",- деді ведомство өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети