14 қазан 2015 | 10:15

ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов миллиард теңге айыппұлды төлеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов миллиард теңге айыппұлды төлеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов миллиард теңге айыппұлды төлеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының 13.02.2015 жылғы үкіміне сәйкес, 12.10.2015 жағдайында Мұрат Оспанов мемлекет табысына айыппұлдың барлық сомасын төледі. Осылайша, соттың Оспановқа қатысты үкімінің негізгі жазасы толық көлемде атқарылды. Сотталушыға қатысты атқарушылық өндіріс 12.10.2015 жылы тоқтатылды", - деп хабарлады соттағылар Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, Мұрат Оспанов өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылған болатын. Оған тиесілі мүліктің барлығы тәркіленеді. Оның ісін қараған судья Ербол Рахымбеков Қазақстан Президентіне Мұрат Оспановты "Құрмет" ордені мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс келтіру қажеттігін де атап өткен болатын.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов "Атырау Жарық" АҚ үшін электр қуатын беру мен тарату тарифін бекітуде делдал арқылы бопсалау жолымен аса ірі көлемде пара алған деп айыпталды. Пара бергені үшін сотта "Атырау Жарық" АҚ мүддесіне қызмет еткен кәсіпкер Арман Ақтай жауап берді, ол шенеунікке пара беруге мәжбүр болғанын айтты. Соттың шешімімен Ақтай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети