ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспанов 250 миллион теңгеден аса айыппұл төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспанов 250 миллион теңгеден аса айыппұл төледі ©Tengrinews.kz

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы Мұрат Оспанов 250 миллион теңгеден астам айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы Мұрат Оспанов 250 миллион теңгеден астам айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот биылғы ақпанда Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі жаза кескен болатын.

Бұдан кейін осы жылдың наурыз айында Мұрат Оспановқа айыппұлды алты айға бөліп төлеуге міндеттеме қойылды. Бұл шешімді Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты шығарды, сотталушының адвокаттары бөліп төлеу туралы өтінішті осы сотқа білдірген болатын.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, айыппұл сомасы бөліп төленіп жатыр. Қаражаттың бірінші бөлігі осы жылдың сәуір айында 129 миллион 360 мың теңге көлемінде төгілді. Мамыр айында 358 мың 200 теңге көлемінде тағы да төленді. Ал осы айда 75 миллион 140 мың 362 теңге және 499 мың 490 теңге көлемінде екі транш өткізілді. Осы аптада, 30 маусымда сотқа 50 миллион теңге сомасында түбіртек келіп түсті. Бүгінге дейін төленген қаржы - 255 миллион 358 мың 052 теңге. Осылайша Оспанов айыппұлдың жалпы сомасының төрттен бір бөлігін төлеп қойды.

Еске сала кетейік, Мұрат Оспанов өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылған болатын. Оған тиесілі мүліктің барлығы тәркіленеді. Оның ісін қараған судья Ербол Рахымбеков Қазақстан Президентіне Мұрат Оспановты "Құрмет" ордені мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс келтіру қажеттігін де атап өткен болатын.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов "Атырау Жарық" АҚ үшін электр қуатын беру мен тарату тарифін бекітуде делдал арқылы бопсалау жолымен аса ірі көлемде пара алған деп айыпталды. Пара бергені үшін сотта "Атырау Жарық" АҚ мүддесіне қызмет еткен кәсіпкер Арман Ақтай жауап берді, ол шенеунікке пара беруге мәжбүр болғанын айтты. Соттың шешімімен Ақтай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети