18 тамыз 2015 | 18:03

ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке оралуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

АРЕМ экс-басшысы Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке оралуы мүмкін, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы соттың кассациялық сот алқасы жоғары лауазымда болған шенеунікке қатысты істі қарады.


Иконка комментария блок соц сети

АРЕМ экс-басшысы Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке оралуы мүмкін, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы соттың кассациялық сот алқасы жоғары лауазымда болған шенеунікке қатысты істі қарады.

"Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылдың 13 ақпанында Оспанов Мұрат Магавьянұлына қатысты шығарған үкімінің қосымша жазалау бөлігі, М.М. Оспановты мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен және жергілікті өзіндік атқарумен байланысты жеті жылға айыру бөлігі өзгертілсін. Үкімнің басқа бөліктері өзгеріссіз қалдырылсын", - делінген елорда сотының кассациялық сот алқасының қаулысында.

Осыған дейін Мұрат Оспановтың адвокаттарының кассациялық шағым келтіргені хабарланды.

Еске салайық, сот биылғы ақпанда Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі жаза кескен болатын. Бұдан кейін осы жылдың наурыз айында Мұрат Оспановқа айыппұлды алты айға бөліп төлеуге міндеттеме қойылды. Бұл шешімді Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты шығарды, сотталушының адвокаттары бөліп төлеу туралы өтінішті осы сотқа білдірген. 

Ал бұдан кейін ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспановтың 250 миллион теңгеден аса айыппұлды төлегі белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети