Тоқтар Төлешевтен тәркіленетін мүліктердің тізімі жария етілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Судья Төлешевтен тәркіленген мүліктердің тізімін жария етті. Мемлекет пайдасына ондаған автокөлік, жылқылар, үйлер мен жер телімдері алынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әскери соты Тоқтар Төлешевке қатысты сот үкімін шығарған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Судья Төлешевтен тәркіленген мүліктердің тізімін жария етті. Мемлекет пайдасына ондаған автокөлік, жылқылар, үйлер мен жер телімдері алынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әскери соты Тоқтар Төлешевке қатысты сот үкімін шығарған болатын.

"30 бас жылқы, оның ішінде 11 бас асыл тұқымды, екі ұрғашы және бір атан түйе. Түркістандағы жер телімі, "Митсубиши", "Тайота Ланд Крузер", "Бентли", "Шевроле", "БМВ", "Мерседес, "Шевролет", "Порше каен", "Тайота Камри", "Фольсваген", "Тайота Прадо", "Инфинити", Тайота Прадо", "Тайота Камри", "Ройлс ройлс" маркалы көліктер, автотұрақ пен қаржы-қаражатты", - деп үкім шығарды судья.

Тізімде тәркіленуге жататын 40 шақты көлік көрсетілген.

"Жылжымалы мүлік пен зергерлік бұйымдар. 22 зергерлік бұйым жасау құрылғылары. Тоқтар Төлешевтің, Жұмабаева Оразгүлдің, Есенбаева Надияның, Сауқанбекова Сәуленің, Нуралина Динаның есеп карточкаларындағы қаржы, 183 дана ерлер мен әйелдердің алтын әшекейлері. Тінту барысында анықталған 50 мың доллар, (Досамбаевтан тәркіленген) 18 мың доллар, 855 еуро, 1370 ресей рублі, 15 түркиялық лир, 91 мың өзбек сомы, 5 281 теңге, 29 дана  анықталмаған шетелдік валюта мемлекет пайдасына алынсын", - деп оқыды үкімді судья.

Сот шешімі бойынша Шымкентте орналасқан 9 үй мен осынша жер телімі тәркіленеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro