ТМД-дағы танымал адвокат Евгений Яворский "Отырар" телеарнасына Мәскеудегі ММХҚИ студенті Томирис Байсафаның өліміне қатысты істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТМД-дағы танымал адвокат Евгений Яворский "Отырар" телеарнасына Мәскеудегі ММХҚИ студенті Томирис Байсафаның өліміне қатысты істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
8 маусымда Мәскеудегі сот Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовті қазақстандық студент қызды өлтірді деп тағылған айыптан ақтаған болатын. Бір күн бұрын алқабилер ақтау үкімін шығарған еді.
Яворский - Томиристің анасы Жанна Ахметованың адвокаты. Адвокаттың айтуынша, қыздың анасы да, тергеу өкілдері де сот үкіміне таңғалған.
"Сотталушының сотта берген айғақтары бұрын айтқан сөзімен сәйкес келмейді. Сотталушы айғақтарын үш рет өзгертті. Олардың хабарламалары да болды. Ол қызды қызғанып, әртүрлі хат жазған. Салдары осы жағдайға әкелді. Сонымен қатар, айыпталушы Томирис бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсағысы келгенін айтты. Бірақ басқа ешкім ондай дәлел келтірмеді", - деді Яворский.
Адвокаттың айтуынша, қыз "күнделік" жазған. Онда ол ММХҚИ-ді бітіріп, Меджидовті мүлде ұмытқысы келетінін жазған. "Оның өз-өзіне қол жұмсайтын ойы болған жоқ. Ол өмір сүргісі келетін, көңілді адам болған", - деді Яворский.
"Жоғары оқу орнында Томирис Муртузали Меджидовпен танысқан. Олар бір-бірін ұнатып, екі жылға жуық кездескен. Қыз Қазақстанға кеткенде жігіт оны қызғанып, жиі хат жазған. Кейін екеуі ажырасып, қыз басқа жігітпен танысқан. Оның есімі - Вадим. Бірге киноға барады. Меджидов бұл туралы біліп қойған, кейін сабақтан кейін сөйлеспек болған...", - деді адвокат.
"Наурыздан бері алқабилер алқасын құра алмады. Кейін 40 адамнан алты мүше және екі қосалқы адам таңдалды. Қазылар алқасының құрамы анықталғаннан кейін, осы құрамның екеуі сотқа қатысудан бас тартты. Олардың орнына қосымша құрам шақырылды. Алқабилердің нақты дәлелдерді неге ескермегенін түсінбеймін", - деді ол.
Айыпталушы тарап марқұмның анасымен де кездеспегені белгілі болды. Қыз қайтыс болған соң оның денесі Нұр-Сұлтан қаласына әкелінді.
"Өте таңғаларлық жағдай. Олар тіпті кешірім сұрамаған және қыздың анасымен кездеспеген. Сотта айыптаушы барлық дәлелді ұсынды. Бір қызығы, Ресей заңы бойынша, егер Меджидов уақытша адвокатсыз болса, онда бұл айғақтарды оқуға болмайды. Сотта оның үш адвокаты болды. Мен алқабилер соты неге мұндай шешім шығарғанын түсінбеймін", - деді Яворский.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!