Томирис Байсафаның анасы енді не істейтінін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Томирис Байсафаның анасы енді не істейтінін айтты Томирис Байсафа

Мәскеуде қайтыс болған қазақстанық студент Томирис Байсафаның анасы Муртузали Меджидовты адам өлтірді деп тағылған айыптан ақтау үкіміне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде қайтыс болған қазақстанық студент Томирис Байсафаның анасы Муртузали Меджидовты адам өлтірді деп тағылған айыптан ақтау үкіміне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін үкім шықты. Сот аяқталды. Мен істі апелляцияға беремін. Әрі қарай күресемін", - деді Жанна Ахметова тілшіге берген сұхбатында.

Бір күн бұрын айыпталушыны алқабилер қыздың өліміне кінәсі дәлелденбеді деп ақтап шығарған болатын. Кейін Мәскеу соты Муртузали Меджидовты Томирис Байсафаны өлтірді деп тағылған айыптан ақтағаны белгілі болды.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.

"Тозақтан шыққандай боламын" - Томирис Байсафаның анасы сот отырыстары туралы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети