Томирис Байсафаның өліміне қатысты істе ақтау үкімінің күші жойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Томирис Байсафа Томирис Байсафа

Мәскеу қалалық соты Дағыстаннан келген бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы Мұхтар Меджидов Муртузалидің ақтау үкімінің күшін жойды, енді ММХҚИ студентін өлтіру ісі қайта қаралады. Бұл туралы оның адвокаты Шамиль Яндарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеу қалалық соты Дағыстаннан келген бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы Мұхтар Меджидов Муртузалидің ақтау үкімінің күшін жойды, енді ММХҚИ студентін өлтіру ісі қайта қаралады. Бұл туралы оның адвокаты Шамиль Яндарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімнің күші жойылды, бұл шешімнің негізі бізге әлі белгісіз, іс Мәскеудің Никулин сотына жаңадан қарауға жіберілді", - деді агенттікке сұхбат берген адвокат.

Айта кетейік, ақталғанға дейін Муртузали Меджидов қамауда болған, ол сот шешімі шыққан күні босатылған. Әзірше бұлтартпау шарасын қайта таңдау мәселесі шешілген жоқ, деп атап өтті адвокат.

Осы жазда Мәскеудің Никулин сотында қазылар алқасы ер адамды қыздың өліміне кінәлі емес деп танып, олардың үкімінің негізінде сот ақтау үкімін шығарған еді. Марқұмның туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль көлемінде өтемақы өндіріп алуға тырысты, бірақ сот олардың азаматтық талабын қабылдамады.

Муртузали Меджидов - атақты дағыстандық саяси қайраткер және бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы.

Еске салайық, 2018 жылғы 13 сәуірде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа үзіліс кезінде ЖОО-ның төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Қыздың бірнеше дене мүшесі сынып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды. Қызды өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрі Муртузали Меджидовтың ұлы ұсталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro