22 желтоқсан 2017 17:16

Тоңазытқыштан табылған егіз баланың ата-анасына қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотында тоңазытқыштан өлі табылған егіз баланы өлтіру ісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотында тоңазытқыштан өлі табылған егіз баланы өлтіру ісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов және 34 жастағы Алла Волченко ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-тарауының 1,3,7-тармақтары "Адам өлтіру" және 119-бабы "Қауіпте қалдыру" бойынша кінәлі деп танылды. 

Эмиль Гильмутдинов 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колнияда өтейді. 

Алла Волченко 18 жылға бас бостандығынан айырылды және оған 100 АЕК түрінде айыппұл салынды. Екеуіне де маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети