Тоқтар Төлешов салық төлемегені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтар Төлешов салық төлемегені үшін сотталды © Tengrinews.kz

Тоқтар Төлешов экономикалық қылмыстыры үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтар Төлешов экономикалық қылмыстыры үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"245-бап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару" және 250-бап "Қызмет бабын асыра пайдалану" бойынша айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырылсын. Қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары колнияда өтейді", - деп оқыды сот шешімін судья Мырзәлы Жорабаев.

Еске салайық, бастапқыда мемлекеттік айыптаушы салық төлемеу салдарынан келген шығынды бір жарым миллиард теңге ретінде көрсеткен. Төлешов пен оның адвокаты бұл талап-арызбен келіспейтінін айтты. Кейін прокурор айыптау қорытындысын шығарды.

Төлешовке оннан аса қылмыс эпизоды бойынша айып тағылды: салықты жасыру, лауазымды тұлғаларды заңбұзушылыққа тарту және өзге де экономикалық әрі парақорлық қылмыстар. Айыптаушының сөзі бір жарым сағатқа созылды. Қорытындысында прокурор жаза шарасы туралы айтты: баптарды біріктіргенде мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру. Алайда Астананың Жоғарғы сотының бұған дейін шығарған 21 жылға бостандықтан айыру түріндегі үкімін есепке алғанда, жеңіл жазаның орнын ауыр жазамен ауыстырып, 21 жылға бостандықтан айыру жазасын қалдыру сұралды. 

Прокурордың бұл сөзіне Төлешов мырс етіп, күлкісін жасыра алмаған. 

Төлешовтің ісі бойынша тағы бір фигурант - салықшы Қарақожаев Нұржанға қатысты прокурор айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыруды, алайда жеңілдететін жағдайларды есепке ала отырып және рақымшылықты қолдану арқылы екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети