06 сәуір 2022 | 15:46

Трансұлттық "синтетика" жеткізу арнасы жойылды - ІІМ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі синтетикалық есірткі жеткізетін трансұлттық арнаны жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі синтетикалық есірткі жеткізетін трансұлттық арнаны жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен есірткі жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында шекаралас мемлекеттердің есірткіге қарсы ведомстволарымен тығыз ынтымақтастық ұйымдастырылған. Алматы, Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында жарты жыл бойы есірткі сатушылардың әрекетін жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізілген.

Шетелден синтетикалық есірткі ерітіндісі салынған сәлемдемелерді алып отырған Қазақстанның бес азаматы анықталды. Олар өндіріс процесінде сұйықтықты бу арқылы кептіріп, құрғақ өнім алып отырған, осылай синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде сату үшін бөліп дайындағаны айтылды.

Департамент бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, соңғы жылдары синтетикалық есірткі мен оны өндіруге арналған құрамдас бөліктер шекаралас мемлекеттерден жеткізілгенін ескере отырып, шетелдік әріптестермен ынтымақтастыққа басымдық берілген. Осылайша, биылғы үш айда ғана қазақстандық полицейлер осындай өзара іс-қимыл шеңберінде шетелдің есірткіге қарсы құрылымдарынан ақпарат алғаннан кейін қылмыс жасау барысында 9 адамды ұстаған.

"Заңсыз айналымнан сегіз келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында ішкі істер органдары барлығы 695 есірткі қылмысын, оның ішінде аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаудың 133 дерегі, контрабанданың 30 дерегі, притон ұстаудың бес дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан тоннаға жуық есірткі тәркіленді. Оның ішінде 900 грамға жуық героин, 42 келіден астам синтетикалық есірткі", - делінген хабарлмада.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау облысы аумағында есірткі сатумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілген. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында сегіз есірткі зертханасы жойылған.

Есірткілерді жарнамалау және насихаттау дерегі бойынша 33 және интернет арқылы өткізу дерегі бойынша 10 соталды өндіріс тіркелген. Есірткі тарату туралы ақпаратты қамтитын 565 веб-сайт, аккаунт және басқа ресурстар анықталып, бұғатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети