19 маусым 2014 | 09:43

Туған күн кешінде жеті жігіт бір қызды зорлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ақтөбеде туған күн кешіне барған 20 жастағы бойжеткен жеті жігіттің зорлауына тап болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде туған күн кешіне барған 20 жастағы бойжеткен жеті жігіттің зорлауына тап болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Бойжеткен интернеттегі жылдам ақпарат алмасу құралы - "Агент" бағдарламасымен 20 жастағы жігітпен танысқан. Бір-бірімен жақын танысу үшін арадан екі апта өткенде олар кездеседі. Кездесуге келгенде жігіт досының туған күн кеші болып жатқанын айтып, сонда бірге баруды өтінеді. Қыз келіспейді, алайда жігіт 5 минутқа кіріп, құттықтап шығайық деп қиылады.

Туған күн кешінде тек жігіттер бас қосқан екен. Олар қызды жан-жақтан қаумалап, коньяк ішкізеді, соңынан зорлайды. Қызды бірінші болып туған күн иесі, одан кейін тағы алты ер азамат зорлайды. Жігіт қызды досының туған күніне сыйлық ретінде әкелген екен, ол пәк болған.

Зорлағандардың ең кішісі 16 жаста, ал қалғандары 20 мен 39 жас арасындағы ер азаматтар. Сот жабық жағдайда өтіп жатыр. Күдіктілердің екеуі қашып жүр.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети