10 тамыз 2019 16:37

Түнде шулағандарға ескерту жасаған алматылықты бұзақылар атып кетті

Камила Долаева Журналист
КТК

Алматыда жас жігіт терезесінің түбінде шулаған ер адамдарға ескерту жасаймын деп жарақат алған. Бұзақылар оған оқ атқан, - деп хабарлайды КТК тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жас жігіт терезесінің түбінде шулаған ер адамдарға ескерту жасаймын деп жарақат алған. Бұзақылар оған оқ атқан, - деп хабарлайды КТК тілшісі.

Аталмыш оқиға 6 шілдеде түнде Алматының Жетісу ауданында болған. Зардап шегуші терезесінің түбінде шулаған екі адамға ескерту жасағанда сағат түнгі 3 болған.

Реклама
Реклама

Алайда ер азаматқа жауап ретінде екінші қабаттың терезесіне оқ атқан. Бұған қатысты пікір білдірген Алматы Полция департаменті қазіргі уақытта бұл оқиға Жетісу аудандық полиция бөлімшесімен тергеліп жатқанын атап өтті.

"Дорожник" шағынауданының 22 жастағы тұрғыны мен белігісіз тұлғалар арасында ауызша туындаған жанжалдың нәтижесінде жас жігіт ұрт тұсынан жарақат алған", - деп хабардар етті тәртіп сақшылары.

Күдіктілер болжам бойынша монтаждық-құрылыс тапаншасынан атқан болуы мүмкін. Зардап шегушінің әпкесі жедел жәрдем дер кезінде келгенін, дәрігерлер қажетті көмекті көрсеткенін хабарлады. Ал ер адамның бетінен оқ шығарылып, сараптамаға жіберілген.

Дереккөз: КТК

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram