"Чукотка" түнгі клубының маңында болған төбелестен қаза тапқан Сырым Мұратқалиевтің туыстары оқиға туралы өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, бұған дейін оқиғаға үш адамның қатысқаны хабарланған болатын. Екі адам жанжал шығарған үшінші бір адамға пышақ ала жүгірген. Алайда Мұратқалиевтің туыстары мұны жоққа шығарып отыр. Жәбірленуші тарап түнгі клубтың камерасына жазылған таспаны көрсетті, онда: Мұратқалиев, оның әріптесі Евгений Фролов пен төбелес үшін ұсталған Александр Кузнецовтың бұл оқиғаға қатысқаны көрініп тұр.
"Чукотка" түнгі клубының маңында болған төбелестен қаза тапқан Сырым Мұратқалиевтің туыстары оқиға туралы өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, бұған дейін оқиғаға үш адамның қатысқаны хабарланған болатын. Екі адам жанжал шығарған үшінші бір адамға пышақ ала жүгірген. Алайда Мұратқалиевтің туыстары мұны жоққа шығарып отыр. Жәбірленуші тарап түнгі клубтың камерасына жазылған таспаны көрсетті, онда: Мұратқалиев, оның әріптесі Евгений Фролов пен төбелес үшін ұсталған Александр Кузнецовтың бұл оқиғаға қатысқаны көрініп тұр.
Қаза болған жігіттің әйелі Әлия Серғазиева Фроловтың әңгімесі бойынша оқиғаның мән-жайын білетінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, ол Сырым екеуі 6 наурыз күні болған корпоративтен кейін "Чукотка" түнгі клубына барған. Мекемеге кіргеннен кейін Фролов танысымен сөйлесемін деп тоқтап, ал Сырым екінші қабатқа көтерілген. Фролов кейін Сырымның Кузнецовпен сөйлесіп тұрғанын көріп, тауып алады. "Ол жақындаған кезде, менің жолдасымның: Ал сенің атың кім? дегенін естіген. Ол - менің атым Евгений, деп жауап беріпті. Фролов: қалайша, сенің атың Александр емес пе, Евгений емес. Неге өтірік айтасың?, депті. Сол кезде Кузнецов: Сен аулақ кет. Сен кімсің? Мен сенімен сөйлесіп тұрған жоқпын, деген", - деп айтып берді қаза болған жігіттің әйелі. Оның айтуынша, Евгений мен Александр бұрыннан таныс болған.
Әйелдің айтуынша, Кузнецов басынан-ақ төбелеске дайындалып тұрыпты. Ол клубтан шығып Евгений мен Сырымды шақырыпты. "Эй, сендер! Бері келіңдер! Александр оларды өзі шақырған. Олар жақындап барыпты. Евгенийдің айтуынша, ол әке-шешесінен боқтай бастаған", - дейді ол. Осыдан кейін Евгений Александрдың жағынан ұрған. Осыдан төбелес шығып, Сырым қайтыс болды, ал Фроловтың қабырғасы сынып, миы шайқалды. Әйелдің айтуынша, Кузнецовқа пышақ ала жүгірген. Далада сөйлесіп тұрған кезде Сырымның қолында жылтыр зат болыпты. "Ол пышақ емес. Сырымда пышақ болған жоқ. Олар клубқа кірді ғой, оларды тексерді", - деді ол.
Қаза болған жігіттің үлкен ағасы Дәулет Мұратқалиев жанжалдың не себепті болуы мүмкін екенін айтып берді. "Маған тергеушінің айтқаны бойынша, Сырым Александрға: О, қандай үлкенсің!" депті. Ол "иә, білемін, рақмет"деген", - дейді Мұратқалиев. Осыдан кейін оларға Евгений келіп, Александр екеуі оның есіміне байланысты жанжалдаса бастаған. Сөйтіп Фролов төбелестен қашып, Сырымды аллеядан алып кетпекші болыпты. "Александр оны төбелеске шақырып қоймаған. Балағаттап, Женяны төбелеске ұрындырған", - дейді Мұратқалиев. Сонымен қатар, ол інісінің асфальтқа құлап өліп кетуінің мүмкін емесін айтады. Оның айтуынша, Кузнецов Сырымның бетінен үш рет ұрған. Айта кетейік, жәбірленуші тараптың ұсынған суреттерінде ер адам көзін жұмып жатыр. Оның маңдайы мен кеңсірігінде кесілген жара бар. "Маған ол егер бар салмағымен құласа да мұндай жарақат алмайтынын түсіндірді", - дейді қаза болған жігіттің ағасы. Әйелдің сөзіне қарағанда, оның жолдасының бассүйегі сынған. "Мен мәйітті сәйкестендіру үшін мәйітханаға бардым. Оның барлық дене мүшесі сау. Тек беті жараланған. Жұдырықпен ұрылмағаны анық көрініп тұр", - дейді ол. Айта кетейік, қаза болған Сырым Мұратқалиевтің артында екі қызы қалды.
Бұған дейін Кузнецовтың қорғаушысы Алма Мусина жанжалға қатысты өз жорамалын айтқан болатын. Оның мәліметінше, Кузнецов арандатушылыққа ұрынған. Бұған дейін Сырымның ашық түрдегі бассүйек-ми жарақатынан қаза тапқаны хабарланды. Полиция оқиғаны тергеп жатыр.